+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстан Үкіметі оралмандар қоныстанатын өңірлерді айқындады

2016 жылғы 29 ақпан 06:46
Бөлісіңіз:
Қазақстан Үкіметі оралмандар қоныстанатын өңірлерді айқындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №83 қаулысы бекітілді. Қаулы ресми БАҚ-та жарияланды. «ҚазАқпарат» қаулының толық мәтінін жариялап отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №83

Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлер;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлер айқындалсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 22, 162-құжат);
2) «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 783 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 452-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 83 қаулысына 1-қосымша
Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлер
1. Ақмола облысы.
2. Атырау облысы.
3. Шығыс Қазақстан облысы.
4. Батыс Қазақстан облысы.
5. Қостанай облысы.
6. Павлодар облысы.
7. Солтүстік Қазақстан облысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы
№83 қаулысына 2-қосымша
Қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлер
1. Шығыс Қазақстан облысы.
2. Қостанай облысы.
3. Павлодар облысы.
4. Солтүстік Қазақстан облысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT