Қазақстан Үкіметі халыққа адал қызмет етті - Кәрім Мәсімов

None
None
АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан Үкіметі еліміздің халқына адал қызмет етті. ҚР Конституциясының 70-бабының 1-тармағына сәйкес, бүгін жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарған Үкіметтің соңғы отырысында экс Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай мәлімдеді.

"Бүгін - өте маңызды күн. Үкіметтің барлық мүшелерінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен және бүгін Президент ретінде қызметіне ресми кірісуімен құттықтаймын»,-деді К. Мәсімов Үкімет отырысының басталуы кезінде.

Сонымен қатар осы сәттен бастап Үкіметтің өкілеттілігі доғарылатынына тоқталған Премьер-Министр, «Үкіметтің барлық мүшелеріне осы жылдардағы бірлескен жұмысы үшін алғысымды айтқым келеді. Меніңше, біз барлығымыз Президентімізге, Қазақстан халқына адал қызмет еттік»,-деді.

Айта кетейік, К. Мәсімов басшылық еткен Үкіметтің құрамы 2007 жылғы 10 қаңтардан бастап қызмет атқарды.

«Менің ойымша, біз, әрқайсымыз Үкіметтің осы құрамында қызмет атқарған әр күніміз үшін ұялмаймыз. Біз қолымыздан келгеннің барлығын істедік. Өз атымнан бірлесіп жұмыс істеген әр күніміз үшін баршаңызға алғысымды айтамын»,-деді К. Мәсімов.

Үкіметтің өкілеттігін доғарғаны туралы құжат Мемлекет басшысының қарауына енгізгеннен кейін Елбасы Үкімет отставкасын қабыл алады. Жаңа Үкімет жасақталғанға дейін Үкімет мүшелері өз лауазымдарында міндет атқарушы болып қала береді.

Соңғы жаңалықтар