Қазақстан үкіметі еліміздегі ауған азаматтарына қалай көмектесіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауғанстандағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан үкіметі елімізде қалған Ауғанстан азаматтарының мәселесін шешуге белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық құқық пен ҚР ұлттық заңнамасының қағидаларын ұстана отырып, ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитеті Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын 155 ауған студентіне оқу визасын берді және ұзартты.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның қатысуымен экономикалық көмекке мұқтаж 204 ауған студентіне, оның ішінде осы жылы оқуын бітірген студенттерге гуманитарлық көмек көрсетілді.

Акция Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен және Нұр-Сұлтан қалаларында өткізілді.


Соңғы жаңалықтар