Қазақстан Үкіметі экономиканы «жасылдандыруға» бизнесті тартуы қажет - сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі экономиканы «жасылдандыруға» бизнесті тартуы қажет. Мұндай пікірді ХІІ Астана экономикалық форумы аясында «Dena» компаниясының басқарушы директоры Кристина Хаверками білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет жасыл экономикаға жеке бизнесті тартуы тиіс. Оларға көмек қолдау қажет. «Жасыл» стартаптар бұл саладағы ынтымақтастық үшін желі құруға көмектеседі. Мәселен, біз жыл сайын экология саласындағы үздік жобаларға сыйлық тағайындап, бүкіл әлемге идеяларымызды тарату үшін фестивальдер өткіземіз», - деген ол Қазақстанның шикізаттың экономикадан әртараптандырылған экономикаға көшуге әлеуеті өте жоғары екендігін айтты.

Ал «Мәскеу энергетика институты» ұлттық зерттеу университетінің зертхана меңгерушісі Евгений Гашо Қазақстанның ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу арқылы мықты экологиялық серпіліс жасағанын мәлім етті. Бірақ, толық «жасыл» экономика панацея еместігін ескертті.

«Бұл - панацея емес, бұл жаңа жағдайда жаңа резервтерді дамыту. Ресейде ең үздік қолжетімді технологиялық идеялар мен принциптерді жүзеге асыруға 5 жыл кетті. Ол өнеркәсіптік, экологиялық және энергетикалық саясаттың тығыз араласуы арқылы Еуропа мен Азияға қарағанда өзгеше жүргізілді»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар