+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Қазақстан тұтынушы елден өндіруші елге айналуды тездетуі керек - Мейрам Жанәділов

2017 жылғы 1 ақпан 18:37
Бөлісіңіз:
Қазақстан тұтынушы елден өндіруші елге айналуды тездетуі керек - Мейрам Жанәділов

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстан тұтынушы елден өндіруші елге айналуды тездетуі керек. Елбасының жақында жариялаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына қатысты Қазақстанның құрметті журналисі Мейрам Жанәділов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы халыққа арнаған Жолдауында егемендіктің алғашқы жылдарындағы қиындықты көрсете отырып, экономикадағы өзгерістердің сәтті болғанын айтады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы дағдарыстар Қазақстанның бірінші жаңғыруымен тікелей байланысты. Бұл кезеңде Қазақстанда жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту мәселесі басталды. Елбасы екінші жаңғыруға «Қазақстан 2030» Стратегиясының құрылғанын жатқызады. Ендігі міндет үшінші жаңғыруды сәтімен жүзеге асыру», - дейді Мейрам Базарұлы.

Оның пайымынша, Елбасы саяси реформамен қатар экономикалық өзгерістерге басымдық беру арқылы халықтың әл-ауқатын көтеруді мақұлдап отыр. Бұндай бағдар әрбір қарапайым қазақстандық үшін де аса маңызды.

«Жалпы әр жылғы Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы өнеркәсіптің еш әкімшілік кедергісіз жұмыс істеуіне жол ашу қажеттігін алға тартады. Осы жолы да Президент өндіріс орындарының есебінен өсіп отырған экономикаға жаңа модель құруды ұсынады. Сол арқылы 2050 жылға дейін толық жүзеге асатын Стратегиялық жоспар рет-ретімен орындалмақ. Сонымен қатар, Жолдауда экономиканы технологиялық тұрғыда жаңғыртуға жіті мән берілді. Шикізаттық емес тауарлардың экспортын арттыруға, қазақстандық сапалы өнімнің атағын шығаруға назар бұрды. Біздің ел, өкінішке қарай, әлі күнге тұтынушы ретінде өмір сүріп келеді. Бірақ біз болашағымызды ойласақ, тұтынушылықтан өндірісті елге айналуды тездетуіміз керек», - дейді Жанәділов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Өнеркәсіп, Экономика, Жолдау,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT