Қазақстан түрмелерінде деструктивті діни ағымдарға қатысы бар 484 адам отыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев елдегі түзету мекемелерінде деструктивті діни ағымдарға қатысы бар 484 адамның отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдері Мейрам Аюбаевтан қылмыстық атқару жүйесінде деструктивті діни ағымдардың саны қалай өзгеріп жатқанын сұрады.

«Экстремистік, террористік қылмыс үшін сотталғандардың саны қазір азайып келеді. 343 адам дегенде, бұл - экстремистік, террористік қылмыс жасағаны үшін сотталғандар. Оларға жалпы қылмыс жасап сотталған, бірақ экстремистік идеология ұстанатындарды қоссақ, 484 болады. Сонда бізде екі есеп бар: таза экстремистік, террористік қылмыспен сотталғандар бар және жалпы Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптарымен сотталғандар бар. Бірақ олардың саны экстремистік қлымыс жасап сотталғандардан асып түспейді. Жалпы экстремистік, террористік қылмыс жасап сотталғандар өсімі байқалып отырған жоқ», - деді комитет төрағасының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар