+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Қазақстан түрмелері бейнебақылау жүйесімен қаншалықты қамтылған

2020 жылғы 29 қараша 18:32
Бөлісіңіз:
Қазақстан түрмелері бейнебақылау жүйесімен қаншалықты қамтылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин Қазақстандағы түрмелерде бейнебақылау жүйесін орнату жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін видеобақылаумен толық қамту үшін нормаға сәйкес 231 жүйені алу қажет. Қазіргі кезде 71 бейнебақылау жүйесі (31 пайыз) бар, оның ішінде биыл алтауы сатып алынды» делінген Асқар Маминнің сенаторлардың депутаттық сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар ол аталған мәселе бойынша іске асырылатын жоспарға тоқталды.

«ҚР Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жаппай бейнебақылау енгізу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында тиісті есеп-қисап алдын ала жүргізілді. Оны 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау аясында қарастыру ескерілген», - дейді Премьер-Министр.

Сонымен қатар ІІМ бюджетіне жүктемені азайту мақсатында әлеуетті инвесторлармен бірлесе мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бейнебақылауды енгізу пысықталып жатыр.

Еске сала кетейік, биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы пенитенциарлық мекемелерде, полицейлердің қызметтік бөлмелерінде тұтастай бейнебақылау енгізуді тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT