Қазақстан Түркияның әлеуметтік құрылыс саласындағы тәжірибесін зерттеуде

None
None
ТАМБҰЛ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Түркияның әлеуметтік құрылыс саласында тәжірибесін зерттеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстанның өкілетті делегациясы Анкараға іс-сапармен келген болатын.

Аталған делегация құрамында ҚР құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінң басшылығы, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, ҚР Қаржы министрлігінің бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, оларды атқарылуын талдау және іске асырылуын бағалау департаменті, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің экономика департаментінің және «Аналитикалық орталық» АҚ өкілдері болды.

Қазақстандық делегация сапар барысында Түркияның премьер-министрі кеңсесі жанындағы «ТОКИ» тұрғын үй құрылысын дамыту басқармасының басшыларымен, сонымен қатар Түркияның ең ірі жобасы болып саналатын Солтүстік Анкараны жаңғырту мен күрделі жөндеуді бақылап, жүзеге асырған «ТОБАШ» үйлестіру компаниясының басшыларымен кездесіп, салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үй құрылысы объектілерінде болып қайтты.

Айта кетерлігі, Түркия Республикасы 2003 жылдан Үкіметтің шұғыл іс-жобалары аясында, күнкөріс деңгейі төмен халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және ескі үйлерден қазіргі заманғы жаңа тұрғын кешендеріне көшіру шараларын қолға алғандығын ескерсек, Түркияның аталмыш саладағы тәжірибесі мол..

Түркияның тұрғын үй құрылысын дамыту басқармасы басшыларының ақпараты бойынша, елдің 81 провинциясында немесе 800 ауданында 2064 құрылыс алаңдарында 500 мыңнан астам пәтер, сонын ішінде әлеуметтік тұрғын үйлер саны 427 229-ды немесе 82%-ды құрап отыр.

Делегация тұрғын үй құрылысын дамыту басқармасының тұрмыстық жағдайы төмен немесе тұрақты табысы жоқ халық үшін салынған құрылыс объектілерінде болды.

Аталмыш әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға ауқымы 45-65 шаршы метрлік пәтерлер ай сайынғы төлемақы мөлшері 80 АҚШ долларын құрайтын өтеу 20 жылдық мерзімге дейін қарастырылған. Сонымен қатар қазаға ұшыраған әскери қызметкерлер отбасыларына, соғыс мүгедектеріне және олардың жесір әйелдері мен жетім қалған балаларына тұрғын үй құрылысына бағытталған пайызсыз займ берілуде. Құрылыс объектілерінің салыну мерзімі 12-14 ай аралығында.

Қазақстандық делегация жалпы Түркияның құрылыс секторын дамыту жетістіктерімен таныстырылып, бұл елдің аталған бағыттғы озық тәжірибесін зерделеу мақсатында ұйымдастырылған сапарын табысты өткізді және әлеуметтік тұрғын үй құрылысы саласында үлкен тәжірибе алмасу мүмкіндігін алды.

Соңғы жаңалықтар