Қазақстан Түркияға тағы 100 киіз үй жібереді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматыдан Түркияға тағы 100 киіз үй жіберу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Уфук Экиджи бүгін елшілікте өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық еріктілер тарапынан ұсынылған 100-ге жуық дәстүрлі қазақ киіз үйі Кахраманмарашта орнатылды. Сол жердегі халық сіздердің қолдауларыңызды сезініп жатыр. Онда Қазақстанның Туы көрініп тұр. Алматыдан тағы 100 киіз үйді Түркияға жіберу бойынша жұмыстар жалғасуда», - деп мәлім етті Уфук Экиджи Астанада өткен .

Ол Қазақстан екі жыл бұрын Түркияда болған алапат орман өрті кезінде де қолдау көрсеткенін еске салды.

«Қазақстан бүгінгі еліміз үшін қиын күнінде қасымыздан табылды. Біз бауырларымыз көрсеткен бұл ынтымақтастықты, жанкештілікті ұмытпаймыз», - деп ризашылық білдірді ол.

Сондай-ақ дипломат брифинг барысында зардап шеккендерге көмек ретінде қазақстандықтар 5 млн доллар жинағанын айтып, алғыс білдірді. Ал Қазақстан Үкіметі бауырлас елге 1 млн доллар көлемінде қаржылай қолдау көрсетті.

Бұған қоса, Қазақстаннан алдағы уақытта Түркияға тағы екі ұшақ гуманитарлық көмек жеткізілетін болады.


Соңғы жаңалықтар