+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Қазақстан Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесуге дайын - Тоқаев

2020 жылғы 31 қазан 12:53
Бөлісіңіз:
Қазақстан Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесуге дайын - Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдан 170 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Измир провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан қайтыс болған және зардап шеккен азаматтар туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.

– Сізге және осы табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Жарақат алған адамдардың тез арада отбасыларына қайта оралуларына дұға етеміз. Бауырлас түрік халқына шынайы тілекші ел ретінде, қажеттілік туындаған жағдайда, қазақ халқы мен Үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын, – делінген жеделхатта.

Осыған дейін Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болғаны хабарланды.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі осы оқиғаның салдарынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының жоқ екенін мәлім етіп, көмек қажет болған жағдайда хабарласатын телефон нөмірлерін жариялады.

Соңғы мәліметтер бойынша, зілзаланың салдарынан Түркияда 12 адам мерт болып, 522 адам зардап шекті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT