Қазақстан – Түркия қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді - Елші

None
Фото: akorda.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат –Қазақстан – Түркия қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамотасын тапсырғаннан кейін Түркия Республикасының елшісі Мустафа Капуджу айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір ғана құрметті Президент мырзаға сенім грамотасын табыс еттім. Біз тағы бір мәрте республикаларымыз арасындағы ынтымақтастықтың нығая түсетіндігін қуаттаймыз. Қазақстандағы жұмысым барысында екіжақты қарым-қатынасты нығайту үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын. Түркия Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған мемлекет және 31 жыл бойы екіжақты қарым-қатынасты нығайтып келеді. Таяуда республикаларымыздың арасында қол қойылған құжат қарым-қатынасымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін көтереді. Біздің ынтымақтастығымыз жедел қарқынмен дамитынына сенімдіміз. Өйткені, біздің халықтарымыздың тілі, мәдениеті ұқсас», - деді Түркия Елшісі.

Еске салайық, Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын Малайзия елшісі Мохамад Адли бин Абдулла, Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Файсал бен Ханиф әл-Кахтани, Түркия Республикасының елшісі Мустафа Капуджу және Иран Ислам Республикасының елшісі Әли Акбар Джоукар тапсырған еді.


Соңғы жаңалықтар