Қазақстан тұрақтылықты насихаттау арқылы өзге мемлекеттерге ықпалын арттырады - Дэвид Голдсмит

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал футуролог, бизнес-стратег Дэвид Голдсмит Астана экономикалық форумы жайында пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Форумдағы талқылаулар өте қызық өтіп жатыр. Бұл тұрғыда Қазақстан әлемнің түпкір-түпкірінен келген білікті мамандарды біріктіруде өзіне жауапты міндетті алып отыр. Жалпы, пікір алмасулар маған ұнады және алдағы сессиялар да осы бағытта өрбиді деп ойлаймын. Осындай ауқымды форумдарға келгеннен кейін, білікті мамандардың пікірін тыңдай білу керек. Мен үнемі осы тектес диалог алаңдарына жиі барамын. Менің ойымша, бұл форумды нығайта түсу мүмкіндіктері баршылық»,- деді Д. Голдсмит.

Оның пайымынша, Қазақстанның әлемде бейбітшілік пен келісімді насихаттау бастамалары, экономикалық тұрақтылықты талқылау бойынша диалог алаңдарын құрудағы қадамдары мақтауға тұрарлық.

«Сондықтан әлемге қолдау жасау бастамалары жалғаса беруі тиіс. Осы орайда бұл ізгі ниеттеріңізді жалғастыра берсеңіздер әрі ең басты ұстаным ретінде сақтасаңыздар, сіздер алдыңғы қатарлы елдердің құрамынан көрінесіздер және өзге мемлекеттерге үлкен ықпалдарыңыз болады», - деді бизнес-стратег.

Бұдан бөлек ол Қазақстандағы инвестициялық климатқа тоқталды.

«Осында инвестициялық тұрғыда ауқымды мүмкіндіктер бар.  Сәйкесінше, ел аумағында түрлі өндірістерді құру үшінші тиімді жағдай жасаудың мүмкіндігі мол. Сондықтан Қазақстанда әр саланы терең зерттеуге әлеуеті баршылық. Бүгінде әлемнің үздік университеттерінде («Болашақ» бағдарламасы аясында) Қазақстаннан студенттер білім алып жатқанын білеміз және олар өздерін білімді екенін көрсетіп отыр. Атап айьқанда, өздерінің студенттерін үздік білім ордаларында оқытып жатқан елдер көп емес. Жалпы, осындай іргелі факторларды назарға ала отырып, менде өте жақсы пікір қалыптасып отыр»,-деді Дэвид Голдсмит.

Соңғы жаңалықтар