+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қазақстан тумасын АҚШ бас банк реттеуіші етіп тағайындамақ – БАҚ

2021 жылғы 24 қыркүйек 09:19
Бөлісіңіз:
Қазақстан тумасын АҚШ бас банк реттеуіші етіп тағайындамақ – БАҚ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ президенті Джо Байден Корнель университетінің банк құқығы профессоры, Қазақстан тумасы Сәуле Омарованы АҚШ-тағы банк секторының негізі реттеуіші - Ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы (Office of the Comptroller of the Currency, OCC) етіп тағайындамақ. Бұл туралы Bloomberg жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Джорджия штатында ұшақ апатқа ұшырады БАҚ: АҚШ делегациясы 9-10 қазанда Дохада «Талибан» өкілдерімен кездеседі Мэриленд штатындағы атыс екі әйелдің өмірін қиып кетті

Басылымның дереккөзінің мәліметінше, Омарованың ресми кандидатурасы осы аптада ұсынылуы мүмкін. Егер ол осы қызметке бекітілсе, Қазақстан тумасы 1863 жылы негізі қаланған банк реттеуішін басқаратын алғашқы әйел болады.

OCC - АҚШ Қаржы министрлігінің тәуелсіз бөлімшесі. Реттеуші 1200 триллион долларлық активтері бар 14 банкті бақылайды, бұл АҚШ-тың банк жүйесінің барлық активтерінің үштен екісін құрайды.

Сәуле Омарова Корнель университетінің банк құқығы профессоры, ММУ (1989), Висконсин университетінің (1999) және Солтүстік-Батыс университетінің (2001) түлегі, Заң саласының докторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.


Фото: twitter.com/STOmarova
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT