Қазақстан тумасы Бақтиярдың промоутерімен шарт жасасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBC мен IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы ұлты неміс Кристина Хаммер (22-0, 10 KO) Salita Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Sports.kz .

Кристинаның алғашқы жекпе-жегі 12 қаңтарда АҚШ-та Верон қаласында (Нью-Йорк штаты) өтеді. Salita Promotions компаниясының иесі бұрынғы боксшы Дмитрий Салита. Сондай-ақ, компания бірде бір рет жеңілмеген қазақстандық Бақтияр Эюбовтың мүддесін қорғайды, деп жазады WorldBoxingNews.net .
27 жастағы Хаммер Қарағанды облысының Новодолинка кентінде дүниеге келген. Бала кезінде ата-анасымен бірге Германияға қоныс аударған. 

Соңғы жаңалықтар