Қазақстан тумасы әлемдік деңгейдегі 50 дарынды футболшының қатарына енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – УЕФА алдағы жылдың жаңалығына айналуы әбден мүмкін 50 жас футболшының тізімін ұсынды. Тізімге түріктің «Стамбул Башакшехирінде» ойнайтын Қазақстанның тумасы енген. Бұл туралы ҚазАқпарат .Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Талантты жас футболшылардың қатарына түріктің «Стамбул Башакшехирінде» ойнайтын 17 жастағы Қазақстанның тумасы Равиль Тагир бар.

«Сол аяқты орталық қорғаушы 2020 жылдың қыркүйегінде «Алтынордадан» «Башакшехирге» ауысқан. Біртіндеп негізгі құрамға кіріп, қазірдің өзінде жастар құрамасында ойнап жүр», - деп жазылған сайтта.

Еске сала кетсек, Тагир жаңа клубта алғашқы ойынын өткен жылдың қараша айында, Денизлиспорға қарсы чемпионаттың соңғы бес минутында көрсеткен.


Соңғы жаңалықтар