«Қазақстан» ТРК футболдан ӘЧ матчтарын заңсыз көрсеткендерді сотқа беруде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Ресейде өткен Әлем чемпионатын заңсыз көрсеткендердің үстінен 30-ға тарта арыз түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізді нақты әрі қатал түрде өзінің және ФИФА-ның мүддесін қорғай алатынын елдердің бірі екенімізді ФИФА-да да атап өтті. Мен бұл жерде бұзушылықтардың тіркелуі туралы айтып отырмын. Біздің корпорацияның мобильдік топтары матчтарды қоғамдық тамашалау орындарын аралады. Егер ол жерде Әлем чемпионатының ойындары «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында көрсетілмейтін болса, бұл фактілер тіркеліп отырды. Ескертулер жасалды. Егер бұл жағдайлар қайталанып жатса, яғни мәселен белгілі бір мейрамхана немесе көпшілік жиналатын орын матчты заңсыз көріп жатса, полицияны тарту арқылы әкімшілік акт жасалды», - деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин.

Оның айтуынша, көпшілік жиналатын орында ӘЧ матчтарын заңсыз көрсеткендер сотқа беріледі.

«Барлық құқық біз жақта. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша 30-ға жуық арыз берілетін болады. Міне, біз үшін сондықтан Әлем чемпионаты әлі аяқталған жоқ. Сондықтан, талапты бұзушылар істеріңізді жалғастыра беріңіздер. Біз әлі сіздер арқылы ақша табатын боламыз», - деп сөзін әзілмен аяқтады Павел Цыбулин.

Ал «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин бұған байланысты өзінің пікірін білдірді.

«ФИФА-мен отырған келісім бойынша футбол матчтарын қоғамдық орында тамашалаудың барлығы тек «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары арқылы жүзеге асырылуы керек. Бұл - қазақстандықтардың барлығы да осы арналарды көру керек деген сөз емес. Тек қоғамдық тамашалау орындары - мейрамханалар, дәмханалар туралы айтылып отыр. Адамдарды демалып матч көресіздер деп шақырып алғандар басқа арналар арқылы матчтарды тарататын болса - бұл заң бұзушылық болып есептеледі. Бізде құқықтық мәдениет енді ғана дамып келе жатыр. Оның бәрі үшін жаза қарастырылғанын көп адам біле бермеуі мүмкін», - дейді Ерлан Қарин.

Павел Цыбулиннің айтуынша, ҚР Заңына сәйкес авторлық құқықтың бұзылғаны үшін заңмен қудаланады.

Еске сала кетсек, футболдан Әлем чемпионатының финалында Франция мен Хорватия құрамалары кездесіп, Франция жеңіске жеткен еді.

Иллюстрациялық фото

 

Соңғы жаңалықтар