Қазақстан трафик шоғырланатын әлемдік орталықтарға қосылу үшін Әзербайжанмен жұмыс істейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Трафик шоғырланатын әлемдік орталықтарға қосылу үшін әзербайжандық серіктестермен бірлескен жұмыстар басталды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заманауи және дамыған инфрақұрылымсыз ауылдық жерлерде цифрландыру ісін жүзеге асыру мүмкін емес екені сөзсіз. Сондықтан Қазақстан халықаралық дәліздер мен деректердің трансшекаралық ағынына сай келетін цифрлық инфрақұрылымды дәйекті түрде қалыптастырып келеді. Трафик шоғырланатын әлемдік орталықтарға қосылу үшін транскаспий учаскесінде әзербайжандық серіктестермен бірлескен жұмыс басталды. Бұл жерде Оңтүстік Шығыс Азия мен Еуропа жөнінде сөз болып отыр», - деді ҚР Президенті «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумы барысында.







Фото: t.me/bort_01

Соңғы жаңалықтар