Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 18 °С
USD 340.27 EUR 396.31
RUB 5.39 CNY 52.39
Жаңалықтар

Қазақстан тоғыз айда мұнай экспортынан 19,2 млрд доллар тапты

2017 жылғы 10 желтоқсан 00:02 2220
Бөлісіңіз:
Қазақстан тоғыз айда мұнай экспортынан 19,2 млрд доллар тапты

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық нарықта қазақстандық мұнайға деген сұраныс қайта қалпына келе бастады. Соңғы 2 жылда қара алтын экспорты азайғанымен, 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның шикі мұнайына сұраныс 37 пайызға артты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің мәліметінше, Қазақстан қазіргі таңда дағдарыс алдындағы көрсеткішке жету үшін мұнай экспортын арттыра түскен. Биылғы жылдың 9 айы ішінде шетелге 50,7 миллион тонна шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдері сатылған. Осылайша, көмірсутек экспорты өткен жылмен салыстырғанда 7,6 пайызға артып, екі жылдық төмендеу кезеңіне нүкте қойылды.

Қазақстандық мұнайды саудалаудан түскен пайда да артып келеді. Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында қара алтынның экспортынан Қазақстанның бюджетіне 19,2 миллиард доллар түскен. 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 36,6 пайызға артық екенін айта кету керек.

Мұнай бағасының 27 пайызға қымбаттағанын ескерсек, жыл басындағы бәсеңдікке қарамастан Қазақстанның қара алтынына деген бұрынғы сұраныстың қайта қалпына келгенін аңғаруға болады. Еске сала кетсек, 2017 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан тек 15,9 миллион тонна шикі мұнайды сыртқа сатып, қара алтынның соңғы 6 жылда ең аз мөлшері саудаланғаны тіркелген еді.

Бір жыл ішінде Қазақстанның мұнайын сатып алушылардың «үштігінде» өзгерістер болды, Швейцарияның орнын Франция басып отыр. Нақтырақ айтқанда, франциялық компаниялар биыл 2,1 миллиард доллардың мұнайын сатып алып, 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 69,6 пайызға артық сауда жасаған. Бұған қоса, Франция сатып алатын қара алтынның бағасы 28 пайызға қымбаттаған болатын.

Нарықта ең ірі сатып алушы бұрынғыдай - Италия. Соңғы 9 айда ол мемлекет 6,2 миллиард доллардың 16 миллион тонна мұнайын сатып алған. Ал Қытай негізгі серіктес ел болғанымен, қазақстандық қара алтынға деген сұранысты бәсеңдетіп келеді. Биыл Аспан асты елі 567,7 миллион доллардың мұнайына тапсырыс берген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2 пайызға аз.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Мұрағат