Қазақстан ТМД Экономикалық кеңесінің отырысын өткізеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2022 жылдың соңында Қазақстан ТМД Экономикалық кеңесінің отырысын өткізеді. Бұл туралы ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Желтоқсан айында Қазақстанның төрағалығымен ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы өтеді. Біз қазір қазақстандық достарымызбен бұл отырысқа дайындық жүргізіп жатырмыз. Оның нәтижелі әрі жемісті өтетініне сенімдіміз. Одан кейін Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық ету эстафетасын көршілес Қырғызстанға береді», - деді С. Лебедев Астанада өткен ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысынан кейінгі брифингісінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтті.

Бұл ретте отырыс қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылды.

ТМД елдерінің ойындары 2023 жылы Беларусь Республикасында ұйымдастырылмақ.

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы Сочиде өтеді.


Соңғы жаңалықтар