+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Қазақстан терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды күшейтеді

2020 жылғы 9 сәуір 10:45
Бөлісіңіз:
Қазақстан терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды күшейтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық заңнамаға терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға жататын нысаналы қаржы санкцияларының механизмдері енгізіледі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыста бірінші вице-премьер «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқылауға ұсынған болатын.

«Заң жобасын әзірлеу қажеттігі 2021-2022 жылдары Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың біздің елді бағалауының екінші раундына дайындалуға байланысты туындап отыр. Қазіргі кезде ұлттық заңнамаға енгізілмеген бірқатар жаңа стандарттарды заңды түрде бекіту, сондай-ақ өткен бағалаудың нәтижесінде алған Еуразиялық топ ескертулерін заңнамалық деңгейде жою алдағы бағалаудан ойдағыдай өтудің кепілі болып табылады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Сенат қарауына ұсынылып отырған заң жобасы бірнеше мақсатты көздейді.

«Біріншіден, қаржы мониторингі рәсімдеріне клиентті тиісінше тексеру, ішкі бақылау жүргізу және күдікті операциялар туралы хабарлама жіберу сияқты өзгерістер ұсынылады. Екіншіден, қаржы мониторингі саласындағы уәкілетті органға реттеуші мемлекеттік органы жоқ қаржы мониторингі субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыруға құзырет беріледі», - деді Әлихан Смайылов.

Қаржы министрінің айтуынша, үшіншіден, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органдар үшін халықаралық өзара іс-қимыл рәсімдері, оның ішінде қылмыстық активтерді іздестіру және қайтару бойынша рәсімдер регламенттеледі. Төртіншіден, халықаралық стандарттарды іске асыру мақсатында заң жобасына коммерциялық емес секторды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланудан қорғауға байланысты новеллалар енгізілді. Талаптар ерікті қаржылық және басқа да қайырмалдықтар үшін жүгінетін қайырымдылық ұйымдары мен діни бірлестіктерге қолданылатын болады.

«Бесіншіден, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі қарарларына сәйкес ұлттық заңнамаға терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға жататын нысаналы қаржы санкцияларының механизмдері енгізіледі. Алтыншыдан, Заң жобасы аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті салалық тәсіл арқылы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғауының тиімділігін арттыруға бағытталған түзетулер блогы әзірленді», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, ұсынылып отырған нормалар алдын алу сипатына ие және ұлттық қаржы жүйесінің қауіпсіздігін арттыруға, кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарды ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланудан қорғауға бағытталған.

Заң жобасын талқылаудан кейін депутаттар құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT