Қазақстан территориясында екі жер сілкінісі тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 4 тамыз күні Алматы уақытымен 18 сағат 41 минут 50 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты - 9.2.

MPV магнитудасы - 3.9.

Тереңдігі - 10 км.

Эпицентр бағыты 44.70° с.ш. 79.39° ш.б.

Сезілгені туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): жоқ.

Сондай-ақ, Алматы уақытымен 19 сағат 15 минут 29 секундта тағы бір жер сілкінісі болды.

Оның ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты - 8.8.

MPV магнитудасы - 3.5.

Тереңдігі - 10 км.

Сезілгені туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): жоқ.

Соңғы жаңалықтар