Қазақстан теннисшілерінің әлемдік рейтингідегі позициясы қандай

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартқан рейтингіде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 7-орнында қалса, Юлия Путинцева 45-тен 51-ге сырғыды.

Әлем бойынша үздік үштікте бұрынғыша Польша өкілі Ига Швентек, белоруссиялық Арина Соболенко, америкалық Джессика Пегула келеді.

Жұптық сында Анна Данилина 26-дан 27-ге төмендесе, Е.Рыбакина 97-ден 95-ке жоғарылады.

Мұнда алғашқы екі орында чехиялықтар Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова тұрса, Д.Пегула үшінші сатыға көтерілді.

Ерлер арасында Александр Бублик жекелей сында 55-орнын сақтаса, Тимофей Скатов 124-тен 122-ге көтерілді.

Сербиялық Новак Джокович пен испаниялық Карлос Алькарастан кейін ресейлік Даниил Медведев үшінші орынға шықты.

Жұптық сында Босниядағы турнирдің финалына дейін жеткен Александр Недовесов 72-ден 60-қа, жартылай финалда сүрінген Андрей Голубев 71-ден 65-ке көтерілді. А.Бублик 160-орында қалды.

Жұптық сында нидерландық Уэсли Колхоф пен ұлыбританиялық Нил Скупски бірінші орынды бөліссе, америкалық Остин Крайчек үшінші сатыда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Босниядағы турнирдің финалында ұтылып қалғанын жазған едік.

Сондай-ақ қазақстандық жас теннисшілер Албаниядағы жарыстың жеңімпазы атанды.


Соңғы жаңалықтар