Қазақстан теннисшілерінің әлемдік рейтингідегі орны белгілі болды

Фото: Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Александр Бублик әлемдік рейтингіде 49-дан 48-орынға көтерілді.

Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов 145-тен 147-ге сырғыды. Т.Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайыстарында бақ сынайды.

Михаил Кукушкин – 291, Денис Евсеев – 305, Бейбіт Жұқаев – 326, Дмитрий Попко 413-орында тұр.

Әлемдік рейтингте испаниялық Карлос Алькарас көш бастаса, Рим мастерс турнирінің жеңімпазы атанған ресейлік Даниил Медведев сербиялық Новак Джоковичті ығыстырып, 2-сатыға шықты.

Жұптық сында қазақстандықтардан Александр Недовесов – 67, Андрей Голубев – 81, Григорий Ломакин 247-сатыда келеді.

Әлемде нидерландылық Уэсли Колхоф пен британиялық Нил Скупски бірінші орынды бөліссе, америкалық Раджив Рам үздік үштікті түйіндеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим мастерс турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Ролан Гаррос турниріне қатысатынын мәлімдеді.

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирде жеңімпаз атанды.

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы болды.


Соңғы жаңалықтар