Қазақстан теннисшілері жаңа маусымға Дубайда дайындалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан теннисшілері Біріккен Араб Әмірліктерінде жаңа маусымға дайындықты бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, 5-25 желтоқсан аралығында Дубайда еліміздің әйелдер және ерлер құрамаларының жаттығу жиындары өтеді.

Жиынға сондай-ақ Team Kazakhstan академиясының жас ойыншылары да қатыспақшы.

Басты мақсат – 2023 жылғы жаңа маусымға тиянақты әзірлену.

Ұлттық құрама капитандары Юрий Щукин мен Ярослава Шведова өткізетін жаттығу жиынында Елена Рыбакина, Анна Данилина, Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова, Андрей Голубев, Александр Недовесов, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Бейбіт Жукаев, Денис Евсеев, Дмитрий Попко, Арысланбек Айтқұлов және Ислам Орынбасар шеберліктерін ұштай түспекші.

Одан кейін теннисшілер Аустралияға аттанады.

Олардың бір бөлігі жаңа командалық жарыс – United Cup кубогінде, басқалары Аделаида WTA 500 және Хобарт ATP 250 турнирінде өнер көрсетеді.

Сосын «Үлкен дулығаның» алғашқысы – Australian Open біріншілігі күтіп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Алматыға келгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар