Қазақстан теннисші қыздары тарихта тұңғыш рет әлемдік рейтингте 7-орынға көтерілді

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ұлттық әйелдер теннис командасы Billie Jean King Cup жаңартылған рейтингінде 10-шы орыннан жетінші орынға көтерілді. Бұл - ұлттық әйелдер командасы тарихындағы ең жоғары позиция, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы Италия, АҚШ, Германия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания сияқты командаларды басып озды.

Қазақстандықтар командалық әлем чемпионаты іріктеуінде Польшаны 3:1 есебімен жеңіп, биыл қарашада өтетін турнирдің ақтық раундына шықты.

Әлем рейтингінде Швейцария құрамасы көш бастап тұр.

Billie Jean King Cup топ-10 рейтингі мынадай:


Соңғы жаңалықтар