Қазақстан теннис федерациясы спорттың осы түрін өңірлерде дамытуға кірісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан теннис федерациясы еліміздің өңірлерінде осы спорттың түрін дамытуды жандандыруда. Бұл туралы бүгін Астанада есепті конференциядан кейінгі брифингте федерацияның атқарушы директоры Диас Досқарев мәлім етті.

Оның айтуынша, екі-үш жыл бұрын қажетті инфрақұрылым мен материалдық-техникалық база тиісті деңгейде болмағандықтан облыстарда теннисті дамыту жайында айту қиындау болған еді.

«Біз ұзақмерзімді және қысқамерзімді мақсаттар мен міндеттерді айқындадық, осыған сәйкес ҚТФ-ның назары енді өңірлерге ауысуда. Бұл тұрғыда федерация президенті нақты тапсырмаларды жүктеді. Қазіргі кезде өңірлерде теннис орталықтары құрылысының екінші кезегі жалғасуда. Жақында Орал қаласында жаңа теннис орталығын ашу жоспарланып отыр»,-деді ол.

Осы орайда Д. Досқараев бүгінде облыстарда таланттар мен болашақ чемпиондарды іздеуге ерекше басымдық беріліп отырғандығын атап өтті. Белгілі болғандай, өңірлерде республикалық және халықаралық деңгейдегі шараларды өткізу міндеті қойылды.

Соңғы жаңалықтар