«Қазақстан теміржолының» орталық директорына қатысты тергеу аяқталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының» директорына өкiлеттiгін асыра пайдаланды деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол өзіне бағынысты Ақтөбе, Павлодар, Тараз және Қарағанды орталық филиалдары директорларының жалпы сомасы 1,7 млн теңге қаражатын қайтарымсыз негізде иелену арқылы, оларға аталған сомада материалдық залал келтіре отырып, өкiлеттiгін асыра пайдаланды деген күдік келтірілді», - делінген орталық директорына сотқа дейінгі тергеу жүргізілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының хабарламасында.

Күдікті кінәсін толық мойындауына байланысты процестік қамау қолданылған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жеделдетілген тәртіпте аяқталды.

Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Қарағанды көлік оқу орталығының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуі жүргізілуде. Ол делдал арқылы дәріс алушыдан дәрістерге қатысудан босату үшін 30 мың теңге сомасында пара алғаны үшін күдікті деп танылды. Ол да кінәсін толық мойындауына байланысты процестік қамауға алынған жоқ. Тергеу жалғасуда.

Ағымдағы жылдың басынан бері сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және оның бағынышты ұйымдарының жұмысшыларына қатысты 29 сыбайлас жемқорлық қылмыстарын (оның ішінде 3 қылмыстық іс сотқа жолданды) тіркеді, күдікті ретінде 14 тұлға тексерілуде.

«Жемқорлық қылмыстары көп жағдайда жымқыру, парақорлық, атқарылған жұмыстар актісіне қол қою, жұмысқа қабылдау және қызмет бойынша ауысу, сондай-ақ жүктерді тасымалдау үшін вагондарды және тепловоздарды кедергісіз беру бойынша өкілеттіктерді теріс пайдаланумен байланысты», - тексеру жүргізген ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар