Қазақстан теміржолы бүгіннен бастап еліміздің бірқатар бағыттарына жаңа жолаушылар пойыздары мен электр пойыздарын шығарды

None
None
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» АҚ бүгіннен бастап еліміздің бірқатар бағыттарына өте жайлы жаңа жолаушылар пойыздары мен электр пойыздарын іске қосты.

Бұл ақпаратты аталған мекеменің баспасөз қызметі таратып отыр.

«Тұрғындардың жолаушылар тасымалына деген талабын орындау мақсатында «ҚТЖ» АҚ үстіміздегі жылы наурыздың 19-ынан бастап өте жайлы (1,2,3 сыныпты), аптасына екі рет (жұма, жексенбі) қатынайтын Астана-Павлодар бағытындағы №802/801 жаңа электр пойызын енгізді. Аталған пойыздың іске қосылуының арқасында Астанадан Павлодарға дейінгі жүретін уақыт екі жарым сағатқа қысқарды», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сәйкес, қала маңына қатынайтын №805/806 Астана-Көкшетау және №807/808 Астана-Бурабай курорты пойызын өте жайлы жаңа электр пойызы алмастырған. Жаңа құрам жұмсақ та ыңғайлы орындықтармен, жиналмалы үстелдермен және қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. 1 және 2 сыныпты вагондарда теледидар қойылған, вагон-бар тіркелген. Ал машинистің кабинасында тәулік бойғы бейнебақылау қондырғысы, сонымен бірге автоматтандырылған басқару жүйесі орнатылған. Электр пойыздың сыйымдылығы 650 жолаушы. Ал электр пойыздың босаған құрамы «Қарағанды - Алматы» бағытында қатынайтын болады.

Сондай-ақ бүгіннен бастап Астана стансысынан аптасына екі рет Алматыға қатынайтын №36/35 жолаушылар пойызы жүреді.

Жолаушылардың күнделікті тасымалын қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе стансысынан Алматы-2 бағытындағы №34/33 жолаушылар пойызының төртінші құрамы қосымша енгізіледі. Бұған дейін бұл пойыз аптасына төрт рет қатынайтын болатын. Жолаушылар вагондарының барлығы да өте жайлылығымен ерекшеленеді. Құрамада вагон-мейрамхана, жүк вагоны бар. Жоғарыда аталған құрамалардың ашылуы «Наурыз» мерекесіне арналған.

Соңғы жаңалықтар