+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Қазақстан теміржолдағы контейнер жүгі бойынша Қытай мен Еуропаны жалғайтын елге айналды

2020 жылғы 4 маусым 22:27
Бөлісіңіз:
Қазақстан теміржолдағы контейнер жүгі бойынша Қытай мен Еуропаны жалғайтын елге айналды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев еліміздің теміржолдағы контейнер жүгі бойынша Қытай мен Еуропаны жалғайтын негізгі мемлекетке айналғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы Қазақстанның түрлі кезеңдерінде маңызды рөл атқарды Шет мемлекеттер басшылары қазақстандықтарға және Елбасына бақ-береке тіледі Жасотандықтар Елбасын құттықтау үшін онлайн челлендж ұйымдастырды

«Қазақстан темір жол» компаниясы да шектеу шараларының салмақты ықпалын бастан өткерді. Жолаушылар пойыздарын тоқтатуға мәжбүр болдық. Мұндай шектеу шаралары тарихымызда осы күнге дейін болған емес. Өткен жылы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында компанияның даму келешегін талқылаған едік. Нақты нәтиже де болды», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» кеңесінің отырысында.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев компанияның өткен жылғы көрсеткіші туралы айтып берді.

«Негізгі контейнерлік бағдарларға тоқтала кетейін. Себебі бұл – тарифтен тыс негізгі кірісті әкеп отырған сала. Негізгі табыс бұрынғыша Қытай – Еуропа бағытынан келеді. Негізгі үш бағыт бар. Біріншісі Моңғолия арқылы, екіншісі таза Ресей арқылы, үшіншісі Қазақстан арқылы өтеді. Біз транзиттің ауқымын кеңейтіп, 4 айдың ішінде осы үш бағдардың ішінде үлесімізді 91 пайызға жеткіздік. Бізде бұл бағыттағы өсім 50 пайызды көрсетті», - деді ол.

Сауат Мыңбаев сонымен қатар Қытайдан Орта Азияға келетін транзит те едәуір артқанын айтып өтті.

«Оңтүстік Кавказ бағытындағы транзит өскен жоқ. Әзербайжан мен Грузия елдеріне шектеу шараларына байланысты транзит азайды», - деді ол.

Осы тұсқа келгенде Елбасы алдағы уақытта осы Әзербайжан мен Грузия елдері бағыты әлеуетке ие болуы керектігін ескертті.

«Біз осы мақсатта Түркия, Грузия, Әзербайжан елдерімен ауқымды жұмыстарды жүргіздік», - деді Елбасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT