Қазақстан теміржол білігі мен қос дөңгелектерді ТМД мен Иранға экспорттайтын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы: 2016 жылдың I жартыжылдық қорытындысы»

атты кеңесте Екібастұз қаласындағы «R.W.S. Wheelset» ЖШС-ның Теміржол білігі мен қос дөңгелек шығаратын зауытты іске қосты.
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! 20 мың қос дөңгелек пен 42 мыңға дейін темір жол білігін шығаратын жаңа өндірісті таныстыруға рұқсат етіңіз. Дөңгелектер мен біліктерді жоғары дәлдікпен дайындағаннан кейін подшипникті желісі бар дайын қос дөңгелектер шығарамыз. Сапасы ТМД-дағы үздіктердің бірі. Оны ТМД елдері мен Иранға экспорттауды жоспарлаудамыз», - деді «R.W.S. Wheelset» ЖШС директоры Александр Слободов.

Өз кезегінде ҚР Президенті зауыттың жұмысын бастауға рұқсат беріп, кәсіпорын ұжымына сәттілік тіледі.

Айта кетерлігі, бұл - еліміздегі  теміржол білігін өндіріп, қос дөңгелек шығаратын тұңғыш зауыт. Еуропалық ірі өндірушілерден алынған инновациялық жабдықтары бар нысан ішкі нарықтан импортты ығыстырады. «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы 2020 жылға дейін зауыт өнімін алуға ұзақ мерзімді келісімшарт жасауда. Теміржол жабдықтарының 20 пайызы Ресейге тасымалданады.

Соңғы жаңалықтар