USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

«Қазақстан темір жолының» үш қызметкері вагоннан астық ұрлаған

2021 жылғы 8 желтоқсан 21:40
Бөлісіңіз:
«Қазақстан темір жолының» үш қызметкері вагоннан астық ұрлаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның үш қызметкері вагоннан астық ұрлағаны үшін сотталды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында 18 адам қамаудан босатылды ҚТЖ өткен жылы атқарған жұмысын қорытындылады

Ақпартқа сәйкес, қылмыс биылғы тамыз айында Қостанай облысында болған.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ҰК» АҚ Қостанай бөлімшесі филиалының қызметкерлерінің бірі Қарасу ауданы Қойбағор станциясында күзетке қойылған вагоннан астық ұрлауға бекінген», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.

«Идея авторы» тағы екі әріптесін көмекке шақырған.

«Түнде қылмыскерлер жүк көлігін вагондардың бірінің төменгі люгіне тақап, оған 85 қап астықты тиеген. Бұл шамамен 6 тонна деген сөз. Шығын 850 мың теңгеден асты. Ұрланған астық бірден сатылған. Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай ашты. 35-50 жас аралығындағы үш қызмектер қолға түсті», - дейді Көліктегі полиция департаментінің өкілдері.

Сақшылар күдіктілердің кінәсін заттай айғақтар мен куәгерлер берген мәлімет негізінде дәлелдеп шыққан.

«Қараша айының соңында Қостанай облысының Қарасу аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша үкім шығарып, әрқайсысын 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады», - делінген ресми мәліметте.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT