Қазақстан темір жолының бөлім басшысы бюджет қаражатын жымқырған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» ҰК Павлодар облыстық сигнализация және байланыс бөлімінің бастығы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Агенттіктің Павлодар облыстық департаменті қызметкерлері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Павлодар облыстық сигнализация және байланыс бөлімшесінің бастығы С.Түсіповтің қызметтік уәкілдігін асыра пайдаланғанын және бюджет ақшасын жымқыру фактісін анықтады», - делінген хабарламада.

С.И.Түсіпов С.М. Иманбек және Т.М.Сәрсембиновпен бірге 2016 – 2021 жылдар аралығында қызметтік уәкілдігін асыра пайдаланып, қызметкерлерден жүйелі негізде ақшалай қаражат жинап отырған.

Сондай-ақ сотталушы автоматты телефон стансасын жөндеуге шарт жасасып, оны орындамаған. С.И.Түсіпов атқарылған жұмыс актісіне қол қойғаны үшін ақшалай сыйақы алған.

Павлодар қалалық соты азамат С.И.Түсіпов, С.М. Иманбек және Т.М.Сәрсембиновті кінәлі деп танып, тиісті жазаға тартты.


Соңғы жаңалықтар