«Қазақстан темір жолының» бірнеше қызметкеріне үй карантині белгіленген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бірнеше қызметкеріне үй карантині белгіленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мәскеу - Нұр- Сұлтан және Франкфурт - Нұр-Сұлтан рейсімен ұшқан компанияның бірнеше қызметкері ұшақта коронавируспен ауырған жолаушылар болғандықтан, оларға үй карантині белгіленген. COVID-19 бойынша тест олардың індет жұқтырмағандығын көрсеткен. Дей тұрғанмен, олар қазір үй карантинінде», делінген хабарламада.

Компанияның мәлімдеуінше, бүгінгі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да коронавируспен ауырған ешкім жоқ.


Соңғы жаңалықтар