«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет деп есептейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит әлеуетін дамыту жөнінде кеңесте айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол паркінің жұмысын жандандыру және жолдарға күрделі жөндеу жүргізу жөнінде шара қабылдауды тапсырды.

– Отандық теміржол саласында машина жасау ісін дамытуға баса мән беру қажет. Оның алғышарттары бар. Қазақстандық өндірушілерді белсенді түрде қолдау керек, – деді Мемлекет басшысы.

Ол сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет екенін жеткізді.

– Қазақстан теміржолын ұлттық көлік-логистика компаниясы ретінде трансформациялайтын уақыт келді деп ойлаймын. Бұл ҚТЖ-ның мандаты мен міндеттерін кеңейтуге, компанияға еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту жұмыстарын кешенді түрде жүргізуге мүмкіндік береді, – деді Президент.


Соңғы жаңалықтар