«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2010 жылы кіріс көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2010 жылы кіріс көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде аталған компанияның президенті Асқар Мамин мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2010 жылдағы мақсаттарға тоқталсақ, біз барлық өндірістік-қаржылық көрсеткіштерді жақсартуды жоспарлап отырмыз. Табыс 567 миллиард теңге көлемінде жоспарлануда. Бұл 2009 жылдағы деңгейден 13,7 пайызға жоғары. Шығыстар 529,5 миллиард теңге болмақ. Нәтижесінде кіріс деңгейі 37,5 миллиард теңге көлемінде жоспарлануда. Яғни, бұл 2009 жылға қарағанда 2 есе жоғары», деді А. Мамин.

Соңғы жаңалықтар