«Қазақстан темір жолы» Шудағы пойыз апатын тексеретін арнайы комиссия құрды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Астана-Алматы» бағытында қатынайтын пойыздың апатқа ұшырауына қатысты ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың 17 шілдесі күні сағат 13:45-те «Астана-Алматы» бағытында қатынайтын №9 пойызы Сарышаған-Шу учаскесінде, Жамбыл жол бөлімшесі Жиделі өткелінде апатқа ұшырап, 8 вагон рельстен шығып кетті, оның екеуі бір бүйіріне құлаған. Оқиға салдарын жою үшін Шу мен Сарышаған стансасының қалпына келтіру пойыздары жолға шықты. Зардап шеккендер анықталып жатыр. Рельстен шығып кету себебін анықтау үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның арнайы комиссиясы құрылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген ұлттық компания таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар