«Қазақстан темір жолы» өкілдері есеп комитеті анықтаған сәйкессіздіктерді түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының жобаларынан аудиторлар анықтаған сәйкессіздіктер процедуралық шаралармен байланысты және олар тексеру жұмыстары барысында жойылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне ұлттық компания өкілдері.

Ұлттық компания өкілдерінің мәліметтерінше, есеп комитеті «Алматы-Шу» бағытының екінші жолдарын, Құрық айлағында паром кешенін салу мен әмбебап жолаушылар-жүк паромдарын пайдалану, «Боржақты - Ерсай» желісінің темір жолы мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағын құру мен оны кешенді дамыту сияқты жобаларды жүзеге асыру үшін «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ-ның жарғылық капиталын толықтыруға бөлінген республикалық бюджеттің орындалуына тексеру жүргізді.

«Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша, аталған жобалар процедуралық сәйкессіздік ретінде бағаланды және аудит барысында жойылды. Сондай-ақ ешқандай материалдық шығындар әкелген жоқ»,-делінген ұлттық компанияның хабарламасында.

Аталған инвестициялық жобалар белгіленген жоспарға сай жүзеге асырылды және олар тиімді экономикалық серпні беріп отыр.

Сондай-ақ 2016 жылдың қорытындысы бойынша, «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймақ құрғақ порты бойынша 87 контейнер қабылдаудан өткен. 2017 жылы 364 мың контейнер қабылдау жоспарланып отыр.
«Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағынан басқа құны 15,6 млрд теңге болатын 100 пайыз жеке иеліктегі капиталдың қатысуымен 5 жоба жүзеге асырылуда және биылғы жылдың соңына дейін 160 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар