Қазақстан темір жолы кейбір пойыздар кешігіп жүретінін ескертті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы кейбір пойыздардың өз кестесінен кешігіп жүретінін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жөндеу-жол жұмыстарына байланысты белгілі бір телімдерде пойыздар қозғалысының жылдамдығы кестеде көрсетілген жылдамдықтан өзгеше болуы мүмкін.

Келесі пойыздар өз кестесінен кешігіп жүруі мүмкін:

Астана – Алматы

Алматы – Петропавл

Шымкент – Астана

Жезқазған – Алматы

Алматы – Орал», - деп жазды ведомстводан.

Компания жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністікпен қарауды өтінеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жөндеу жұмыстары аясында пойыздар қозғалысы кестесін сақтау бойынша күнделікті шаралар жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар