«Қазақстан темір жолы» екібастұздық балаларды Бурабайға жеткізу үшін қосымша вагондар тіркеді

None
БУРАБАЙ. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ екібастұздық балаларды Бурабай курортты аумағына жеткізу үшін 30-дан астам қосымша вагон ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2,5 мыңнан астам бала жолаушылар пойыздарымен Екібастұздан Бурабай курортына жеткізілді. Онда олар қысқы демалыстарын өткізіп, үйлеріне оралды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ балалардың ұйымдасқан топтарын тасымалдауға ерекше назар аударды. Кәмелетке толмағандарды қауіпсіз және жайлы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін 30-дан астам қосымша тіркеме вагон ұйымдастырылды.

Балалардың саяхатын қызықты әрі тартымды ету үшін Бурабай курорты станциясына келгеннен кейін курортты аймақтың көрікті жерлеріне танымдық экскурсия ұйымдастырылды», - делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар