Қазақстан темір жолы ALSTOM және Société Générale банкімен келісімге қол қойды

None
ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Парижде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «ALSTOM Transport SA» АҚ арасында және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Société Générale банкі арасында келісімдерге қол қойылды.

Қабылданған құжатқа сәйкес ALSTOM компаниясы 2023-2029 жылдар кезеңінде қазақстандық зауытта ЭҚЗ электровоз шығарады және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ үшін 245 электровоз жеткізіп береді.

Бұл мәміле пайыздық мөлшерлемені субсидиялайтын Франция Қаржы министрлігінің, BPIFrance мемлекеттік экспорттық-импорттық агенттігінің және Société Générale банкінің белсенді қолдауымен жүзеге асырылады.

Бұл электровоздардың қазіргі тапшылығы мәселесін шешеді және қазақстандық жүк жөнелтушілерге сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар