+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Қазақстан темір жолдарында коронавирусқа қарсы шаралар қабылданды

2020 жылғы 28 қаңтар 16:14
Бөлісіңіз:
Қазақстан темір жолдарында коронавирусқа қарсы шаралар қабылданды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан темір жолдарында коронавирусқа қарсы шаралар қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚТЖ компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Болашақ» бағдарламасымен Қытайда оқып жатқан студенттердің мәселесі шешілді Алматы әуежайы Қытайдан келген барлық жолаушыны карантинге жатқызатын болды Елжан Біртанов: Қытайдағы коронавирус жағдайына күнделікті мониторинг жүргізіп отырмыз

Қытайда коронавирустың таралуына байланысты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ дер кезінде алдын алу шаралары қолға алды.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында екі: №103/104 «Үрімжі – Алматы-2» және №13-54/14-53 «Алматы-2 - Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Үрімжі» жолаушылар пойызы қатынайды.

«Еліміздің аумағында вирустың таралуына жол бермеу мақсатында Достық және Алтынкөл стансаларына келген пойыз жолаушылары мен бригадалары қызметкерлерін қазақстандық санитарлық қызметі тексерістен өткізеді: олар тепловизор арқылы жол жүрушілердің жағдайын тексереді және халін сұрап біледі. Содан кейін жолаушылар мен пойыз бригадасы қызметкерлеріне шекаралық және кедендік тексерістер жүргізіледі», делінген хабарламада.

Ұлттық тасымалдаушы жолсеріктерге ұдайы нұсқаулық өткізіп, ауырып қалған жолаушыны анықтау кезінде пойыз бастығының іс-әрекетін регламенттеді, жолаушылар немесе пойыз бригадасы қызметкерінің коронавируспен ауырып қалуы күдігі туса немесе анықталған кезінде жолаушылар пойызы бастығы үшін нұсқаулық әзірленді.

«Жолаушылар пойызының қозғалысы кезінде жолаушылар мен қызмет көрсету персоналының коронавируспен ауырып қалуы күдігінде жолаушылар пойызының бастығы жедел түрде пойыз машинисі арқылы медициналық пункт орналасқан стансаның кезекшісін немесе вокзал кезекшісін ақпараттандыруы керек. Пойыздың тоқтау пунктіне келуіне дейін ол алғашқы инфекцияға қарсы шараларды (ауруды өзге жолаушылардан бөлектеу, ауру жолаушы орналасқан вагон бойынша адамдардың қозғалысына тыйым салу, әрбір 30 минут сайын ыдыстарды, еденді, санитарлық торапты және өзгелеріне дезинфекция жүргізу) өткізуге міндетті», делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда, уәкілетті органмен келісім бойынша аталған пойыздардың уақытша тоқтатылуы жөніндегі рәсімдер жасалуда.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің қатысуымен Алматы және Нұр – Сұлтан қалаларында нұсқаулықтар өткізілді. Сондай-ақ пойыз бригадаларының қызметкерлері бетпердемен жабдықталған және оларды үнемі тағып жүру туралы ескертілген.

Бұдан басқа, Қазақстан мен Қытай арасында теміржол көлігімен багаж бен қол жүгін алып жүруге бақылау күшейтілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада өткен брифингте «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ бас директоры Қайрат Сауырбаев «Қытайда коронавирус инфекциясының таралуы пойызбен жүк тасымалдауға еш әсер етпейтінін» мәлім еткен еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT