+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Шыңғыс Айтматов туралы деректі фильм түсіреді

2021 жылғы 15 қыркүйек 13:56
Бөлісіңіз:
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Шыңғыс Айтматов туралы деректі фильм түсіреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы қырғызстандық әріптестерімен бірлесіп, Шыңғыс Айтматов туралы деректі фильм түсіруде. Бұл туралы бүгін XVII Еуразия медиафорумында телерадиокоропорацияның басқарма төрағасы Ләззат Танысбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркі академиясы Ташкентте Әлішер Науаи еңбектерін таныстырды «31-арнаның» бас директоры лауазымына Құрманбек Жұмағали тағайындалды Қарағандыда республикалық ақындар байқауы өтеді

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы еліміздегі ең ірі медиакомпания ретінде бауырлас елдердің телеарналармен тығыз байланыс орнатуда. Өзбекстанның Mening Yurtim, Yoshlar телеарналарымен, Түркияның TRT AVAZ, ТРТ телеарнасымен, Әзірбайжанның AZ TV арналарымен контент алмасуды тұрақты жүргізіп келеді. Ортақ мәдениетіміз көрініс табатын көптеген деректі фильмдер, тарихи сериалдар, жобалар Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан арналарында көрсетіліп отыр. Телеарналарымыз бен радиоларымызда «Түркі әлемі» атты ұзақ жылдық циклдық хабарлар жүріп жатыр», - деді Ләззат Танысбай «Түркітілдес елдердің бұқаралық ақпарат құралдары» атты дөңгелек үстелде.

Бір жыл бұрын пандемия кезінде «Қазақстан» корпорациясы мәдени-рухани бағыттағы Abai TV телеарнасын ашты.

Сонда бауырлас, түркітілдес, көршілес елдердің тарихына, мәдениетіне қатысты өнім алмасу мақсатында барлық мемлекет өкілдеріне сұранысхат жолданған.

«Соның нәтижесінде Abai TV эфирінен түркиялық әріптестеріміз дайындаған бірнеше деректі фильм көрсетіліп жатыр. Біз оларды дубляждап, өз тілімізде көрерменге ұсынамыз және өзге елдердің де өнімдерін қазақ тіліне аударып, эфирден беруге дайын екенімізді жеткізгіміз келеді. Телеиндустрия өте қарқынды дамып жатқан қазіргі кезде тек контент алмасып қана қоймай, тәжірибе алмасқанымыз да өте маңызды деп есептейміз. Мысалы біздің корпорация мамандары Түркияның озық телеарналарына жиі барып тұрады, жақында ғана көршілес Қырғызстанның телеарналарының басшылары, әріптестеріміз келіп пікір алмасты, студияларымызды көрді, ортақ меморандумға қол қойдық. Нәтижесінде қырғыз тарапымен бірлесіп, ұлы жазушы Шыңғыс Айматовқа арналған деректі фильм түсіріп жатырмыз», - деді корпорация басшысы.

Қырғыз-қазақ бірлескен деректі фильмі екі ел арасындағы тарихи достық қарым-қатынасты насихататуды көздейді.

Лейтмотив ретінде Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы алынған. Оның екі ел арасындағы байланысты нығайту жолында атқарған еңбектері баяндалады.

Түсіру тобы Ш.Айтматовтың ауылы Шекерде болып, ондағы Айтматовтың шығармаларына арқау болған деректі орындарды түсіріп қайтқан.

Сонымен бірге Л.Танысбай Balapan балалар телеарнасы қырғыз аниматорларымен бірлесіп, ғарыш саласы туралы анимациялық жоба түсіріліміне дайындық бастағанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта Қазақстан бұл сала бойынша бірқатар табыстарға қол жеткізді, өнімдеріміз сыртқы нарыққа шығарыла бастады. Елдегі балаларға арналған жалғыз ғана Balapan телеарнасы анимация өндірісінің дамуына ерекше серпін беріп отыр. Жылына 250-300 бөлімді құрайтын 20-25 анимациялық туынды шығарып отырмыз. Түркітілдес елдерді біртұтас түркі тарихын көрсететін анимациялық жобалар өндірісіне атсалысуға шақырамыз», - деді басқарма төрағасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT