Қазақстан телеарналарында хабар тарату қашан қалпына келтіріледі

None
Қазіргі кезде «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ұлттық операторы ғарыш аппаратын жасаушы «М.Ф.Решетнев атындағы ақпараттық жерсерік жүйесі» АҚ-мен бірлесе сервистерді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таратылған мәліметке қарағанда, байланыс және телеарна хабарын тарату операторларына қызмет көрсету сервисін қалпына келтіру 16 қыркүйекте шамамен сағат 12:00-ге жоспарланған.

«KazSat-3» ғарыш аппаратындағы бұл жағдайдың себебін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша аппаратты құрастырушы кәсіпорын қажет болған жағдайда спутниктің бағдарламалық жүйесін жетілдіру бағытында тиісті ұсыныстарды әзірлейді», - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазтелерадио» АҚ қазақстандық KazSat-3 спутнигіндегі төтенше жағдайға байланысты OtauTV пакеттеріндегі кейбір қазақстандық және шетелдік телеарналар жұмыс істемей тұрғанын мәлім етті.

Сонымен қатар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл жағдайға қатысты түсінік берді.


Соңғы жаңалықтар