Қазақстан телеарналары Әзербайжанда хабар тарататын болады

None
Ашық көздерден алынған фото
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан телеарналары Әзербайжанның кабельді операторлары арқылы хабар тарататын болады. Бұл туралы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің гуманитарлық байланыстарымызды тереңдету де екі елдің жастары арасындағы байланыстарға сеп болады. Біз жастар саясаты және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша тараптар қабылдаған қадамды қолдадық. Бейінді министрліктерге академиялық ұтқырлықты қамтамасыз етуге барынша жәрдемдесу, бірлескен білім және ғылыми жобаларды ұйымдастыру тапсырылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы арасындағы Ғылыми ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған еске салып өтті.

«Сондай-ақ келіссөздер барысында Әзербайжандық кабельді операторлар желісінде қазақстандық телеарналар хабарын тарату уағдаластығын жүзеге асыру маңыздылығы аталып өтілді», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар