Қазақстан-Тәжікстан бизнес-форумында бірқатар құжатқа қол қойылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан-Тәжікстан бизнес-форумында бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, ERG компаниясы мен «ТАЛКО» тобы арасында глинозем жеткізу бойынша келісімге қол қойылды.

AZK Esentai компаниясы мен «Хубчамъ Инвест» компаниясы астық жекізу саласына қатысты құжатты бекітті.

Бұдан бөлек, Factory және «Хубчамъ Инвест» компаниялары арасында бидай тасымалы бойынша келісімге қол қойды.

Сонымен қатар, тау-кен саласын дамыту бағытында World Constuction Astana компаниясы «Корхонаи кимиёви» компаниясы арасында тиісті құжат бекітілді.

Тағы бір құжат «ТаджҚазТрейд» бірлескен кәсіпорнын құру бойынша тұжырымдамаға арналған. Осы орайда QazTrade акционерлік қоғамы мен «Таджакпромэкспорт» кәсіпорны аталған тұжырымдамаға қол қойды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстан-Тәжістан бизнес форумы аясында түске дейін бизнесмендер арасында 1 млрд 300 млн доллардың келісімшартына қол қойылғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар