Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Түркияның теңге сарайы естелік монета шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қыркүйек айында Ыстанбұлда Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған естелік монета таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

30 лиралық монетаның дизайны Қазақстанның Бас консулдығымен бірлесіп жасалған.

Монетаның бет жағында Мемлекеттік Ту мен түрік тілінде «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» деген жазу бейнеленген. Артқы жағының ортасында Қазақстан картасы орналасқан, оған ежелгі уақытта оның аумағында орналасқан мемлекеттердің атаулары нақышталып жазылған. Атап айтқанда, олар: сақтар, ғұндар, Түрік қағанаты, Алтын Орда мен Қазақ хандығы.


Соңғы жаңалықтар