Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына екі теміржол желісінің құрылысы аяқталады

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Жетіген-Қорғас» және «Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» теміржол желілерінің құрылысы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына аяқталмақ.

Бұл туралы бүгін Қазақстан теміржолы компаниясының алқа мәжілісінде аталған мекеменің басшысы Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2009 жылы мемлекет экономикасы үшін аса маңызды 2 инфрақұрылымдық теміржол желілерінің құрылысы басталды. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 445 шақырымдық құны 230 млрд. теңгені құрайтын «Жетіген-Қорғас» және «Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» теміржол желілерінің құрылысы басталды. Осыған байланысты бұл маңызды екі жобаны Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Яғни 2011 жылдың желтоқсанында жүзеге асырылады», деді А. Мамин.

Соңғы жаңалықтар