Қазақстан Тәуелсіздігін әлемде бірінші болып таныған Түркияда бұл мерекенің 20 жылдығы салтанатпен тойлануда

None
None
СТАМБҰЛ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Анкарада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты бірқатар салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Ресми қабылдау, түрік астанасының орталық концерт залында қазақстандық әртістердің қатысуымен концерт, Қазақстан туралы, сонымен қатар Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығы жайлы фотосуреттер көрмесі, сондай-ақ Қазақстан суреткерлерінің сурет көрмесі ұйымдастырылды. Невшехир қаласында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Қазақстан» даңғылының ашылу рәсімі өткізілді.

Елшіліктің ресми қабылдауына Анкарада ресми сапармен жүрген Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Мәми, Түркия Парламентінің төрағасы Ж.Чичек, TР Парламенті төрағасының орынбасары М.Саглам, ТР Президенті аппаратының басшысы М.Исен, ТР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Боздақ, Энергетика және табиғи ресурстар министрі Т.Йылдыз, ішкі істер министрі И.Н.Шахин, қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Баяр, Анкара қаласының мэрі М.Гокчек, билік басындағы Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Х.Ипек, Демократиялық партия төрағасы Намық Кемал Зейбек, Түркия аймақтарындағы Қазақстанның Құрметті консулдары, басты түрік өнеркәсіпшілері мен іс адамдары, сондай-ақ ТР Парламентінің және ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Анкарада тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар басшылары, Түркияның қоғамдық-саяси, ғылыми-академиялық және іскер топтарының, қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Түркия Парламентінің төрағасы Ж.Чичек, Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Мәми және Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаев, салтанатты шырайда сөз сөйледі.

Өз сөзінде Ж.Түймебаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен 20 жылдық даму кезеңінде Қазақстанның қол жеткізген орасан зор табыстарыен атап өтті, бауырлас Түркиямен екіжақты және көпжақты қатынастар мәселелеріне ерекше көңіл бөлді, Қазақстнның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын жария етті.

Өз кезегінде Ж.Чичек екіжақты ынтымақтастықтың барлық салалардағы даму деңгейіне қанағаттанушылық білдірді, Қазақстан Президентінің түркітілдес мемлекеттердің бірігуіндегі рөліне назар аударды және Қазақстан мен Түркияның одан әрі жақындасуын құптады.

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Мәми біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігін бірінші болып таныған бауырлас Түркия екенін атап өтіп, қазақстан-түрік қатынастарының 20 жыл бойында дерлік жоғары деңгейде дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы шеңберінде қазақстан-түрік қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығын және достығын дамыту» медальдары түрік парламентінің төрағасы Ж.Чичекке және елдің басқа да көрнекті қайраткерлеріне берілді.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртістерінің, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Нұржамал Үсенбаеваның, Жан Тапиннің, Азамат Желтұрғызовтың, Ахат Кенжебаевтың, Жазгүл Даңылбаеваның, Гүлзия Стамбектің, «Наз» театры би ансамблі, «Белес» тобы және Қазақстан Президенттік оркестрі халық ансамблінің қатысуымен өткен концерттік бағдарлама қабылдауға келген қонақтардың зор қызығушылығын туғызды.

Қабылдау барысында шақырылғандар біздің еліміз туралы фото және бейнематериалдармен танысу мүмкіндігіне ие болды, сондай-ақ көпшілікке ұлттық тағамдар да ұсынылды.

Сонымен бірге қазақстандық әртістер Анкараның Орталық концерттік залында жеке концерттік бағдарламамен түрік астанасының тұрғындары мен қонақтарын Қазақстанның музыка өнерінің байлығымен және көптүрлілігімен таныстырды. Концерт көрермендер лық толған залда ҚР Парламенті Сенаты мен ТР Парламенті төрағаларының, Анкара қаласының мэрі М.Гокчектің, ТР Парламентінің және ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының, Түркияның басқа да жоғары лауазымды адамдарының, сондай-ақ ТР жұртшылығының және өнер қайраткерлері өкілдерінің қатысуымен өтті.

Концерт аяқталған соң көрермендер Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығының құрметіне Анкараның мәдениет және демалыс орталық паркінде Анкара қаласының мэрі М.Гокчек ұйымдастырған «сушашу» шоуының арнайы көрінісін тамашалады.

Екі елдің тығыз қарым-қатынастарының тағы бір дәлелі - мерекелік ахуалда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Мәмидің, Невшехир провинциясының губернаторы А. Саваштың, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаевтің және Невшехир қаласының басшылығы мен тұрғындарының қатысуымен осы қалада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай әйгілі туристік Каппадокия аймағында «Қазақстан» бульварының ашылу рәсімі болды.

Айта кетерлік жайт, Невшехир қаласында көшелердің бірі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталған болатын.

Барлық іс-шаралар қазақстандықтарды тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтаған түрік және шетелдік азаматтардың үлкен ықыласын туғызды.

Қазақстанның шығармашылық топтарының концертін Түркияның Мемлекеттік телерадиокомпаниясы (ТРТ) тікелей эфирде көрсетті, сондай-ақ ол Түркия орталық БАҚ-да жария етілді.

Соңғы жаңалықтар