Қазақстан тауарлары Иран, Вьетнам және Сербия нарығына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан тауарлары Иран, Вьетнам және Сербия нарығына шықты. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық тауарларды өткізетін нарықтарды кеңейту және қолайлы жағдай жасау үшін Иранмен, Вьетнаммен және Сербиямен еркін сауда аймағы туралы келісім жасалды. Бұл елдер қазірдің өзінде нарықтарына қазақстандық тауарлардың барынша жеңілдетілген шарттармен келуі үшін мүмкіндіктер ұсынып отыр», - деді министр Сенатта өткен Үкімет сағатында.

Оның атап өтуінше, Сингапурмен тауарлар бөлігіне қатысты келіссөздер аяқталып, қызметтерге қатысты келіссөздер аяқталуға жақын қалды.

«Экспорт әлеуеті 800 млн доллардан асып түсетін Израиль, Мысыр және Үндістанмен де келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деді Бақыт Сұлтанов.


Соңғы жаңалықтар