Қазақстан тарихындағы ең ірі джекпот: Атырау тұрғыны 109 млн теңгені ұтып алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет «Сәтті Жұлдыз» АҚ бірыңғай лотерея операторы «Loto 6/49» лотереясында 109 миллион теңге көлеміндегі ең ірі джекпотты ойнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Лотереяның осы тиражының ұтыс ойыны биылғы жылдың 21 қарашасында өтті. Атырау қаласынан келген 66 жастағы зейнеткер жеңімпаз атанды.

Ол рекордты чекті алу үшін арнайы Алматыға келді. Салтанатты табыстауды белгілі жүргізуші және шоумен Мұрат Оспанов өткізді.

Жеңімпаз өзінің қауіпсіздігі мақсатында аты-жөнін атамады, алайда өз әсерімен бөлісті.

«Мен джекпот ұтқанымды білгеннен бері тыныш ұйықтай алмадым. Шынымды айтсам, түсініксіз сезімде болдым. Мен мұндай супержүлде аламын деп ойламаған едім. Әрине, қатты қуаныштымын. Лотереяны студент кезімнен бастап қызығушылық үшін ойнаймын. Арада 45 жыл өтті. Адам ештеңе ұтпаса да, бірден берілмеген жөн. Адам өз күшіне сеніп, мақсат қоя білуі керек. Мен лотерея ойнауды жалғастыра беремін», – деп бөлісті ол.

Ер адам алған ақшасын 11 немересіне бөліп беретінін, мүмкіндігінше туыстарына көмектесіп, қайырымдылықпен айналысуды, сондай-ақ жеке қажеттіліктеріне жұмсағысы келетінін айтқан.

Лотерея ұйымдастырушыларының айтуынша, ең алғашқы «Loto 6/49» тиражы 2018 жылдың наурыз айында өткен. Бастапқы джекпот 20 млн теңгені құрап, әр тираж сайын көбейіп отырған.

Ойын ережесіне сәйкес, қатысушы лотерея билетіндегі 49-дан алты санды табуы керек. Сандардың барлығын тапқан адам жеңімпаз болып саналады.

Салық заңнамасына сәйкес, ұтыс сомасына 10% салық салынады. Жеңімпаздың қауіпсіздігі мақсатында ұтыс сомасы құжат берілген сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде банк шотына аударылады.

Жеңімпаз лотерея билетін «Автоохота» акциясына қатысу үшін сатып алғанын және жаңа көлік сатып алуды армандағанын айтты.

Осы акцияға қатысу үшін тираждық және лездік лотерея билеттерін 5 мың теңгеге сатып алып, Toyota Camry иегері атануға болады. Толығырақ Szhuldyz.kz сайтында.

Сондай-ақ бүгінгі таңда Telebingo лотереясында SuperBingo ойнатылмаған, оның сомасы 145 миллион теңгеден асады және әрбір тиражбен бірге өсуде.

Супер жүлде ойнатылғанына қарамастан, барлығына ұнаған Loto 6/49 лотереясы басты ұтыс – 20 миллион теңгені ойнатуда.


Соңғы жаңалықтар